Қазақстан теннисшілері Australian Open турнирінің іріктеу кезеңіне қатысады

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының үш спортшысы 2025 жылғы Australian Open әлемдік турнирінің іріктеу кезеңіне қатысады.
Кукушкиннің алғашқы матчтағы қарсыласы эстониялық Марк Лаял болмақ. Скатов хорватиялық Борн Гойомен кездессе, Попко Гонконг өкілі Коулман Вонға қарсы ойнайды.