Australian Open турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

Қазақстан құрамасының теннисшілері Australian Open-2025 турниріндегі алғашқы қарсыластарын анықтады.
Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 25-орында) жарысты армениялық Элина Аванесянға қарсы (WTA рейтингінде 44-орында) бастайды.
Александр Шевченко (ATP рейтингінде 72-орында) алғашқы матчында әлемнің үшінші ракеткасы Карлос Алькарасқа (Испания) қарсы ойнайды.
Ал Александр Бублик (ATP рейтингінде 27-орында) турнирді аргентиналық Франсиско Серундоломен (ATP рейтингінде 31-орында) кездесуден бастайды.
Аустралияның ашық чемпионаты 12-26 қаңтар аралығында өтеді.