Сандуғаш Кенжебаева Антальядағы жарыстың жеңімпазы атанды

19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Антальяда (Түркия) өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды.
С.Кенжебаева/И.Йорук финалда германиялық Мина Ходжич/швейцариялық Мари Меттраукспен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші кезеңде қазақстандық-түркиялық жұп сәтті ойнады – 6:4.
Екіншісінде қарсыластары есе қайтарды – 5:7.
Алайда супер тай-брейкте Сандуғаш пен Илай жеңісті жұлып алды – 10:8.
Айта кетейік, тағы бір қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова ресейлік Мария Головинамен бірге Монастир (Тунис) ITF W15 жарысының финалында ұтылып қалды.