Астанада волейболдан BAQ LIGA чемпионаты басталды

Астанада волейболдан БАҚ лига VI маусымы басталады. Биылғы біріншілікке барлығы 9 команда тіркелді.
Команда бір Лиганы құрап, бір-бірімен өзара бір реттен кездесіп шығады. Топтық доданың қорытындысы бойынша финалдық кезеңнің жұптары түзіліп, әрі біріншілік олимпиадалық жүйемен жалғасады.
Бұдан бөлек, биыл бірінші рет БАҚ лигада волейболдан Журналистер кубогы сарапқа салынады. Журналистер кубогында маусымға тіркелген тоғыз команда төрт-төрттен екі топқа бөлінеді. Одан кейін плей-офф кезеңіне әр топтан үздік екі командадан шығып, Кубокқа таласты жалғастырады.
BAQ LIGA бас серіктесі – Sport qory