Никита Акимов Универсиадада алтын медаль иеленді

Қазақстанның биатлоншысы Никита Акимов Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде енді үш алтын медаль бар. Бұған дейін могулшы Анастасия Городко Универсиадада екі рет жеңімпаз атанған еді.
Сурет: Федерацияның баспасөз қызметі.