Шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы екінші рет ірі есеппен жеңіске жетті

Шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Латвияның Рига қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстан құрамасы Тайбэймен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Тайбэй – Қазақстан 0:6 (0:4, 0:1, 0:1)

0:1 – 00:23 – Зубкова

0:2 – 12:31 – Муравьева (Феоктистова, Зубкова)

0:3 – 14:30 – Жакулина (Раковская)

0:4 – 18:47 – Зубкова (Феоктистова, Муравьева)

0:5 – 26:31 – Муравьева (Жакулина, Раковская)

0:6 – 55:14 – Муравьева (Халикова)

Енді қазақстандық хоккейшілер 25 қаңтарда Нидерланд, 26 қаңтарда Латвиямен кездеседі.

Сурет: Федерацияның баспасөз қызметі