«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты.
Сот Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ Арман Жұмагелдиевке түрлі ұйымдарға мүше болуға, іс-шаралар ұйымдастыруға және бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілерде жазба жариялауға тыйым салынды.
Еске салайық, 2022 жылы Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.