Қарсылас қақпасына бір гол соқпаған Станислав Черчесов қызметінен кетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты ҚФФ-на сілтеме жасап.
Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды. Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.

Станислав Черчесов 2024 жылдың маусым айында Қазақстан құрамасын басқарды. Оның басшылығымен ұлттық команда УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегиямен тең түсіп, 1 ұпай жинады.

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.

Еске салайық,  УЕФА Ұлттар Лигасының В дивизионының топтық кезеңінде команда Черчесовтің басшылығымен сәтсіз өнер көрсетіп, 0:15  доп айырмашылығымен Адиевтің кезінде жарқ еткен сенімді су сепкендей өшірді. Orda.kz тілшісі тілді мазақ еткені үшін  айыппұл төлеген Черчесовтің соншалықты құпия саналған жалақысы қай жақтан төленетіні мен ол туралы пікірлерді талдады. Сонымен қатар, федерацияның экс-президенті Әділет Бәрменқұловтың 2 жылдан астам уақыттағы қызметі мен БАҚ бетеріндегі ол туралы мәліметтерді саралап шықты.