Қазақстанда таеквондодан “Мұстафа Өзтүрік жүлдесі” марапаты тағайындалды

1 ақпанда Астанада Қазақстандық таеквондо федерациясының ұйымдастыруымен «Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» марапатын табыстау салтанаты өтеді.
«Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» жыл сайын берілетін марапатқа айналады. Ол тек қазақстандық таеквондоның үздік өкілдерінің жетістіктерін атап қана қоймай, елімізде бұл спорттың дамуына үлкен үлес қосқан ұлы шебердің есімін мәңгі есте сақтауға мүмкіндік береді.