Ресейдің Полтаваға жасаған соққысы: қаза тапқандар саны 14-ке жетті

Полтавада сенбі күнгі Ресей соққысынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті, олардың ішінде екеуі  бала. Бес қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі қирап, адамдар қирандылардың астында қалып қойған. Сонымен қатар, 17 адам жарақат алып,  жалпы 22 адамды құтқару мүмкін болды, деп хабарлады Украинаның  Төтенше жағдайлар қызметі.

Суреттер мен видеолардан бес қабатты үйдің кіреберісінің толық қирағаны көрінеді. Қирандылардың астында адамдар болуы мүмкін.

Қирандыларды тазалау және құтқару жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында 460-тан астам құтқарушы, құқық қорғаушылар және коммуналдық қызметтердің мамандары жұмыс істеп жатыр.

Полтавадағы жағдайға қатысты «Соққы кезінде қазақ тапқандардың отбасына көңіл айтамын. Оқиға орнында қажетті мамандар  адамдарды құтқарып және қажетті көмек көрсетіп жұмыстарын жалғастыруда», — деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Полтаваға жасалған соққы сенбіге қараған түні басталып, таңертеңге дейін жалғасқан дрондар мен зымырандармен жасалған жаппай шабуыл кезінде болды.

Шабуыл кезінде Ресей әскерлері бірнеше рет Полтава облысын атқылаған.

Полтава облыстық әскери әкімшілігі Миргород ауданының энергетикалық инфрақұрылымына зақым келіп, нәтижесінде 160-тан астам адам жарықсыз қалғанын, — хабарлады.

Сенбі күнгі жаппай шабуыл кезінде Запорожье, Одесса, Сумы, Харьков, Хмельницкий және Киев облыстары да зардап шекті.

Шынар АҚЖАНҚЫЗЫ