Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Ұлттық банктің 3 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,27 теңге. Еуро — 537,57.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521 теңге. Еуро 537 — 541 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 543 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,18 — 5,28 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 31 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,99 теңгеге төмендеп, 518,20 теңге болған.