Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

 

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып Абзал  Мәулетханов тағайындалды.

Абзал Асқарұлы Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде және Alikhan Bokeikhan University-де білім алған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 8 жыл. Әр жылдары Зайсан, Алтай, Үржар, Глубокое аудандарында қызмет еткен. Өскемен қаласының қаржы бөлімін басқарған.

Соңғы жұмыс орны – Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің

басшысы.