Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы жемқорлық күдігіне ілікті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасына қатысты тергеу басталғанын растап отыр.

– Сыбайлас жемқорлыққа күдіктену айыбымен тергеу жалғасуда, – дейді сыбайлас жемқорлық қызметінен.

Аталған жайтқа қатысты Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабы аясында өзге ақпарат таратуға жатпайды.

Айта кетсек, Нұрлан Шаймерденов Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен Алматы облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.