Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланғаны хабарланды. 

— Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Тимур Сәдуақасовқа пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру бойынша қылмыстық іс аясында пара беруге итермелеу және алаяқтық жасағаны үшін іздеу жариялады, — делінген құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталының ресми ақпаратында.

Іздестіру карточкасына сәйкес, Сәдуақасов тегі бойынша іс 2025 жылғы 5 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Іздестіруді бастаған орган – сот, ал іздестіру жүргізетін орган – ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті екені де жазылған.

Айта кетейік, Тимур Сәдуақасов 2019 жылдың 18 ақпанында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді.