Шаңғышы қыздар 2025 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында шаңғы жарысынан күміс жүлдеге ие болды.
Спортшылар 55:24.5 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті. Алтын жүлдені 53:59.3 уақытпен Қытай құрамасы жеңіп алса, Жапония 56:38.1 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.