Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореямен жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында Солтүстік Корея құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты.

Бұл жолдастық кездесу 17 ақпанда Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР) құрамасына қарсы өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

КХДР құрамасы – 1966 және 2010 жылғы әлем чемпионаттарының қатысушысы. Сондай-ақ, 2010 және 2012 жылдары АФК Шақыру кубогында жеңіске жеткен.

Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Белек қаласында 18 ақпанға дейін өтеді. Жиынның негізгі мақсаты — ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб аталған жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.

Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, дәл қазір ойын Өзбекстанның «Локомотив» (Ташкент) клубына қарсы өтіп жатыр. Бапкерлік штабтың шешімімен аталған ойын жабық режимде ұйымдастырылады.