«Жомарт» кенішінде жетінші жұмысшының денесі табылды

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жетінші қызметкердің денесі табылды. Оның кім екені анықталып жатыр, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты ҚР ТЖМ сілтеме жасап.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтыс болған жеті жұмысшының денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР ТЖМ Жедел штабының «жедел желісіне» 23 қоңырау келіп түсті.