Үкімет басшысы шахтадағы апаттан қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтты

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлытау облысы Жомарт шахтасындағы апаттан қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтты.
Бүгінгі отырысты Ұлытау облысындағы төтенше жағдайдан бастаймыз. Үкіметтің атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарды жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды.
— Оны менің орынбасарым Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев басқарды. Оқиғаның мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек, — деді ол.