ALASHORDA Мәзір
Общенациональная социал-демократическая партия
Ақпарат

Қазақстанда алғашқы АЭС салатын өңір белгілі болды

Қазақстанда алғашқы АЭС салатын өңір белгілі болды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов алғашқы атом электр стансасын салатын өңір туралы қаулыға қол қойды.

– Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңы 5-бабының 2-тармақшасына және 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын, – делінген қаулыда.

Қаулы ресми жарияланған күні, яғни бүгіннен бастап қолданысқа енгізілді.

Еске сала кетейік, премьер-министр АЭС салуда экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету қажет екенін айтқан еді.