Президенттің өкімімен Абай Қайырбеков жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жандос Шаймарданов қызметінен босатылғанын, Қанат Шарлапаевтың Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалғанын жазған едік.