Президент әуежайда қылмыскерді ұстауға көмектескен азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардарды, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

— Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін Алматы халықаралық әуежайында 11:45–те келеңсіз оқиға болды. Ішкі рейстер терминалында ер адам жолаушы ретінде ұшу алдындағы тексеру аймағына барған. Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ер адамнан құжаттарды көрсетуді сұраған, ал ол әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан еді.