ALASHORDA Мәзір
Жаңалықтар

Жолаушылары бар бес автобус Абай облысындағы тас жолда тұрып қалды

Жолаушылары бар бес автобус Абай облысындағы тас жолда тұрып қалды

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше түнде Абай облысы «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасының» а/ж учаскесінің жабылуына байланысты құтқарушылар автобус жолаушыларына көмекке барған.

— Құтқарушылар Аягөз қаласы уақытша орналастыру пунктіне салонында 100 адам, оның ішінде 18 бала болған 5 жолаушылар автобусын жеткізді. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ, — делінген хабарламада.
Айта кетелік ауа райының бұзылуына байланысты 8 облыста жол жабылған еді.