Ханчжоудағы турнирде қазақстандық қос каратэ-до шебері жүлде алды

Қытайдың Ханчжоу қаласында каратэ-додан өтіп жатқан Премьер-лига бәсекесінде қазақстандық екі спортшы жүлдеге қол жеткізді.
Алдымен Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) ақтық сында Алжир спортшысы Силия Уикенмен 8:8 есебімен тең түсіп, қосымша уақытта қарсыласына есе жіберді.
Айта кетсек, былтыр Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден Karate1 Premier League – Antalya турнирінде 50 келі салмақта Мөлдір Жаңбырбай алтын алған еді.
Ол биыл қаңтарда өткен жылдың алғашқы премьер-лига турнирінде қола медаль жеңіп алды.
Ал, қазақстандық тағы бір каратэші Әсел Қанай (61 келі) Қытайдың Ханчжоу қаласындағы бәсекеде қола жүлдені еншіледі.