Ақорда Наурызға орай бейне жариялады (ВИДЕО)

Ақорданың баспасөз қызметі Наурызға орай мерекелік бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты.
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев «Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысын Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, АҚШ Президенті Дональд Трамп, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Палестина Президенті Махмұд Аббас, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев және бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне орай бірқатар елдің басшыларына құттықтау жеделхаттарын жолдады.