Шерзаттың әжесі есінен танып қалды (ВИДЕО)

Оқиға орнында жүрген Ұлысмедиа тілшісінің айтуынша, Шерзаттың әжесінің денсаулығы күрт нашарлап, оны жедел жәрдем алып кетті.
Анасына ұлы Қарбаужай “16 жастағы сотталушының өміріне балта шаппайық, кешірім берейік” деген (сотталушы Ысқақ жайлы).
– Менің балам да, мен де бәрін де кешірдік. Алла кешірсін бұларды. Тек Алладан кешірім сұрасын. Бір Аллаға тапсырып қойдым. Судья сіз, ақиқатымен осыларға нақты жылын кесесіз бе, кеспейсіз бе, қорғап алып қаласыз ба, жақтап қаласыз ба – ар-намысыңызға берілген дүние. Мен тек Аллаға сендім. Өмірде “Құдайдан тап” деген қарғыстан артық қарғыс жоқ дейді. Себебі қайтіп табатынын бір Алла біледі. Бәрін бір құдайға тапсырдым. Ата-аналар да артымыздан шұқынып сөйлеп отыр. Бірақ мен сабырлыққа салып шыдап отырмын. Бір Алла шешсін, – деді Жұмабике Қадырова.