ИГОРЬ СОН АУЫР АТЛЕТИКАДАН ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Қазақстандық зілтемірші 61 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Игорь жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырса, серпе көтеруде 163 келіні еңсерді.

Осы орайда, төрешілер Игорь Сонның екі мүмкіндігін есепке алған жоқ.

Бұл Қазақстан командасы сапындағы екінші жүлде. Кеше дзюдодан Елдос Сметов қола жүлдегер атанған болатын.

 

 

ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК