Министр Сара Назарбаеваның қаза болғаны жөніндегі қауесетке пікір білдірді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның қазасы туралы қауесетке пікір білдірді. Бұл туралы ол бүгін Ақорда кулуарында айтты, деп хабарлайды “Адырна”.
“Біз емделіп жатқан адамға аса қатыгездік жасаған сияқтымыз. Шынымды айтсам, нақты білмеймін, себебі бұл – адамның жеке өміріне, оның отбасына қатысты мәселе. Бірінші президенттің отбасы айтылып тұрғаны түсінікті. Бірақ қазасы (Сара Назарбаеваның – ред.) туралы ақпарат тарату – тым қатыгездік. Ақпаратты баспасөз хатшысы (тұңғыш президенттің – ред.) жоққа шығарды, онысы дұрыс болды, өйткені әрқашан шынайы ақпаратқа сенуіміз керек”, – деді Аида Балаева.