ВАСИЛИЙ ЛЕВИТ ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНДАҒЫ БІРІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕ НОКАУТПЕН ҰТЫЛДЫ

91 келіде бақ сынайтын Левит Испания намысын қорғайтын кубалық Эммануэль Рейеске қарсы шыққан болатын.

Кездесудің бірінші раунды 3:2 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды. Ал екінші раундтың басында қарсыласының ауыр соққысын өткізіп алған Левитке төрешілер техникалық нокаут жазды.

Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Испания өкілі келесі айналымға өтті.

ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК