ALASHORDA Мәзір
Жаңалықтар

Air Astana Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты әуе рейстерінің кестесі өзгеретінін ескертті

Air Astana Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты әуе рейстерінің кестесі өзгеретінін ескертті

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне баланысты әуе рейстері бойынша біршама өзгерістер болды, деп хабарлайды Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.

Астанадан 12 шілде күні сағат 07:10-да ұшып шыққан KC205 Астана-Дубай рейсі әуежайға қайта оралады.

Жолаушыларға әуежайға келген бойда билет сомасы толық қайтарылады.

Бұдан әрі рейстердің өзгерісі бойынша ақпараттар кешірек хабарланады.

Air Astana жағдайды жіті бақылап, жолаушыларды тасымалдау мәселесін шешумен айналысып жатыр.

- Әуежайға келетін ұшақтардың уақыты өзгеру мүмкін. Сол себепті жолаушыларға рейстердің уақытын жіті қадағалап отырған жөн, - делінген хабарламада.

Байланыс:

Air Astana
Брондау және ақпарат орталығы (24/7):

help.airastana.com
+ 7 727 244 4477
+ 7 7172 584477
+7 702 702 4477

Рейстер кешіккен жағдайда хабарласуға болатын жедел желі: +7 7272 44 44 78
WhatsApp: +7 702 702 00 74
Online chat: airastana.com

Осыған дейін Ақтаудағы қалың тұман бірнеше әуе рейсінің кешігуіне себеп болғаны туралы жаздық.