Мәзір
Сайлау

Ақын Әділғазы Қайырбеков Алматыда референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Ақын Әділғазы Қайырбеков Алматыда референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Алматының Әуезов ауданындағы №624 референдум учаскесінде белгілі ақын, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Сайлау учаскесі Ақсай-1 шағынауданындағы №133 жалпы білім беретін мектепте орналасқан. Таңнан бастап мұнда тұрғындардың белсенділігі байқалады: көпшілік отбасымен бірге келіп, ел үшін маңызды оқиғаға қатысып жатыр.

Ақынның айтуынша, сайлау мен референдумдарға қатысу — оның өміріндегі бұрыннан қалыптасқан маңызды дәстүр.

«Мен барлық сайлау мен референдумға қатысуға тырысамын. Өз елінің болашағына бей-жай қарамайтын әр адам үшін бұл азаматтық міндет деп санаймын», — деді Әділғазы Қайырбеков.

Ол мұндай маңызды оқиғалар қоғамды біріктіріп, азаматтарға ұстанымын білдіруге және мемлекеттің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті.