Мәзір
Спорт

Еркебұлан Тоқтар өзбек қарсыласын 1 минут 15 секундта жеңді (ВИДЕО)

Еркебұлан Тоқтар өзбек қарсыласын 1 минут 15 секундта жеңді (ВИДЕО)
Ашық дереккөз

OCTAGON лигасының BMF белбеуінің иегері, Еркебұлан Тоқтар Ташкентте өзбекстандық жұлдыз Тимур Никулинге қарсы бокс кешін өткізіп, нокаудпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Еркебұлан Тоқтардың бұл жолғы қарсыласы -  Ресейде тұратын Өзбекстан тумасы, «Архангел» лақап атымен танымал Тимур Никулин. Ол - өңірдегі ең танымал медиа-файтерлердің бірі. Никулиннің кәсіби бокс пен жалаң жұдырық сайыстарындағы көрсеткіші жоғары: жалпы 22 рет жеңіске жетіп, 6 мәрте ұтылған және 2 кездесуді тең аяқтаған. Ал таза бокс ережесі бойынша өткен бәсекелерде ол 9 жеңіс, 1 жеңіліс және 2 тең нәтиже тіркеген.

Қазақстандық спортшы Ташкент төріндегі бірінші раундтың 30 секундында нокаутқа жіберіп, еш күмәнсіз жеңіске қол жеткізді.