Мәзір
Қоғам

Келесі жылдан бастап шетелдік жұмыскерлерге тартуға квота жұмыс күшінің 0,25 %-ын құрайды

Келесі жылдан бастап шетелдік жұмыскерлерге тартуға квота жұмыс күшінің 0,25 %-ын құрайды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға квота мөлшерін бекітіп, бөледі. 2026 жылы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,25% мөлшерінде белгіленді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

2025 жылы ШЖК-ны жұмысқа тарту бойынша 4 санатта квота бөлінді: бірінші санат бойынша 726 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 402 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 5 893 және 3 131 бірлік. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 4 994 адамға дейін жұмыс күші тартылуы мүмкін.

Бұдан басқа, 2025 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек көшіп келушілерді тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 2,9% мөлшерінде белгіленген.