Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Саурықов Жетісу облысына барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселені жергілікті жерде талқылауды бастады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Жұмыс сапары аясында депутат өңірдегі өндірістік, аграрлық және әлеуметтік нысандардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді. Басқосуларда ауыл шаруашылығын дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану, төтенше жағдайлардың алдын алу, білім беру саласы мен өңдеу өнеркәсібіндегі түйткілдер кеңінен қаралады.
Сонымен қатар іске асырылып жатқан жобалардың барысы мен олардың өңір экономикасына ықпалына ерекше назар аударылады.
Бұдан бөлек, Ерболат Саурықов облыс басшылығымен, фермерлер қауымдастығымен және сала мамандарымен кездесіп, тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді тыңдап, оларды шешу жолдарын талқылауды жоспарлап отыр.