2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде.