Мәзір
Спорт

Қазақстан Ресейдің УЕФА-ға оралуын қолдап отыр

Қазақстан Ресейдің УЕФА-ға оралуын қолдап отыр

УЕФА-ның жеті елі, соның ішінде Қазақстан да, Ресейдің еуропалық футболға толық оралуын қолдады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Sport24-ке сілтеме жасап.

УЕФА-ның жеті мүше елі Ресейдің еуропалық футболға толық оралуын ашық қолдады. Бұл туралы ұйымның атқару комитетінде жарияланды. Аталған елдердің қатарында Болгария, Сербия, Босния, Грекия, Венгрия, Қазақстан және Әзербайжан бар.

Оларға қосымша үш ел – Швеция, Норвегия және Финляндия да Ресейдің оралуына алғаш рет мүмкіндік бар екенін білдірді. Ал Чехия, Испания, Португалия, Швейцария, Словакия, Словения және Италия секілді жеті ел бұл мәселені талқылауға дайын екенін, бірақ тек УЕФА-ның келісімімен ғана қарастыратынын мәлімдеді.

Ал Украина, Польша, Латвия, Литва, Эстония, Дания, Франция, Германия, Нидерланды, Бельгия, Англия, Ирландия, Шотландия және Исландия қатаң ұстанымын сақтап, Ресейдің УЕФА-ға оралуына қарсы шықты. Ең қатаң позицияны Польша мен Балтық елдері көрсетіп отыр, олар Ресейді УЕФА-дан толықтай шығаруын талап етуде.

Еске сала кетейік, УЕФА Ресей клубтары мен құрамаларын 2022/23 маусымынан бастап барлық халықаралық турнирлерден шеттеткен болатын. Ресей құрамасы Ұлттар лигасына, 2022 жылғы әлем чемпионатына және Еуро-2024 іріктеу матчтарына қатыса алмады. Сондай-ақ ресейлік клубтар Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференциялар лигасына қатысу мүмкіндігінен айырылды.