Мәзір
Спорт

Қызылордада «Samruk-Kazyna Trust» қоры қолдауымен үстел теннисінен аймақтық турнир өтеді

Қызылордада «Samruk-Kazyna Trust» қоры қолдауымен үстел теннисінен аймақтық турнир өтеді

Қызылорда қаласында 1–2 мамыр күндері  «Samruk Alaman» республикалық спорт жарыстары аясында үстел теннисінен ауқымды турнирі өтпек, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Жарыс «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Іс-шара  «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы салған заманауи Үстел теннисі орталығында 1 мамыр күні сағат 11:00-де басталады. Спорт нысаны халықаралық стандарттарға сәйкес  16 корттан тұратын кәсіби ойын алаңынан,  350 көрерменге арналған трибуна мен  жаттығу залдарынан тұрады.

Айта кету керек, Қызылордадағы турнир ауқымды бастаманың бір бөлігі. Мұндай жарыстар «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы салған еліміздегі 19 спорт нысанында  өтеді. Бұл кешендер өңір тұрғындарына сапалы спорт инфрақұрылымын қолжетімді ету мақсатында жүзеге асқан болатын.

Жарысқа шамамен 150 спортшы қатысады деп жоспарланған. Сайыстар 5 санат бойынша өтеді:

• 2008 жылы туған және одан кіші жасөспірім ұлдар;
• 2008 жылы туған және одан кіші жасөспірім қыздар;
• 18 жасқа толған қыздар және одан жоғары жастағы әйелдер;
• 18–39 жас аралығындағы ерлер;
• 40 жасқа толған және одан жоғары жастағы ерлер.

Жеңімпаздар «Samruk Alaman» естелік кубоктарымен, медальдармен және спорт дүкендеріне арналған арнайы ақшалай сертификаттармен марапатталады.