, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Тексеру барысында көлік тізгінінде 36 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны Ерлан Байсенгиров отырғаны анықталды. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар көлік құралын мас жүргізушіге басқаруға берген автокөлік иесінің де алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Оған көлік құралын мас күйдегі адамға басқаруға бергені үшін көлік басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды. Полиция мас күйінде көлік басқаруға, сондай-ақ алкоголь ішкен адамға көлік тізгінін беруге жол берілмейтінін ескертеді. Мұндай әрекеттер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.