ALASHORDA Мәзір
Общенациональная социал-демократическая партия
Саясат

ЖСДП МЕН ҚХП ТАРТЫСЫ  САЯСАТТАҒЫ ШЫНАЙЫЛЫҚТЫ КӨРСЕТТІ

ЖСДП МЕН ҚХП ТАРТЫСЫ  САЯСАТТАҒЫ ШЫНАЙЫЛЫҚТЫ КӨРСЕТТІ

Сайлау науқанының қызған шағында теледебаттар саясаткерлердің кім екенін ғана емес, олардың қандай Қазақстанды көргісі келетінін де көрсететін басты алаңға айналды.

Соңғы пікірталастарда әлеуметтік әділеттілік, экономика, кәсіпкерлік, еңбек адамы, мемлекеттік басқару, заң мен тәртіп сияқты өзекті мәселелер көтерілді. Ал 14 тамыздағы Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен Қазақстан Халық партиясы арасындағы «Сайлау Talks» тартысы осы тақырыптардың арасындағы идеологиялық шекараны одан әрі айқындады десек болады.

ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжановтың позициясы пікірталас барысында тек партиялық бағдарлама шеңберінде емес, оның жеке өмір жолы арқылы да көрінді.

Қарсы тарап оның кезінде қырыққабат тұздап, күнкөріс жасағанын әлсіз тұс ретінде көрсетуге тырысты. Бірақ бұл жерде саяси есеп жүрмей қалды деуге толық негіз бар.

Өйткені қарапайым еңбекті кемсітуге бағытталған сөз қоғамның басқа бір өзекті сұрағының оянып кетуіне себеп болды. 

Бұл жерде ҚХП төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов саясаткер ретінде халықтың қандай бөлігі өзінің негізгі электорат екенін нақты көрсетіп алды. 

Бұл ЖСДП-ны алға шығарған ерекше сұрақ болды

Себебі партияның сайлауалды бағдарламасы «Прогресс жолындағы 20 белес» атауымен-ақ белгілі бір саяси бағдарды ұсынады. Бағдарламада мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі, экономикалық тиімділік және технологиялық даму біртұтас бағыт ретінде қарастырылған.

ЖСДП мемлекеттің міндеті барлық нәрсені өзі басқару емес, әділ әрі тиімді ереже қалыптастыру деп санайды. Мемлекет заңның бәріне бірдей қолданылуын қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын қорғауы тиіс. Ал мемлекеттік аппараттың өзі нарықтағы басым ойыншыға айналса, жемқорлық пен әділетсіздікке жол ашылуы мүмкін деген ұстаным партия бағдарламасында ашық жазылған.

Партия монополияға қарсы күресті де осы логикамен қарастырады. Нарықтың ірікомпаниялардың қолына шамадан тыс шоғырлануыбәсекені әлсіретіп, бағаның өсуіне және шағын әріорта бизнестің дамуына кедергі келтіреді депкөрсетеді. Сондықтан ЖСДП монополиясызнарықты, адал бәсекені және ірі бизнестің қоғамалдындағы жауапкершілігін күшейтуді ұсынады.Бұл бағыттар мен бастамаларды Асхат Рақымжанов  «Сайлау Talks» дебатында шегендеп тұрып айтып, қарсыласына нағыз саясаткер екенін шын дәлелдеді. ҚХП төрағасы мұндай терең саясаттың тезіне төтеп бере алмай жапақтап жан-жағынан қарағыштап қалуы сырт көзге әлгі әлсіз адамның әрекетін ұқтырғандай болды. Не дегенмен де саясаттың соқпағында жастайынан асыр салған Асхаттың айтар ойы анық, бағыты бағамды екенін жұрт сезді. Қарсылас тараптың кәсіпкерлік жәйіндағы уәжі қисынсыз кеткен қисық бұтақ секілді болды. Бірақ бұл жерде ЖСДП шағын және орта бизнеске деген көзқарасын да бекемдеп кетуге болады. ЖСДП кәсіпкерлікті жау көрмейді.

Керісінше, адал кәсіпкерлік пен бәсекелі нарықты экономиканың тірегі деп қарайды. Бірақ бизнес пен мемлекеттің арақатынасы әділетті болуы керек. 

Ұлттық теледебатта ЖСДП тарапынан шыққан Мақсұт Насибулов адам капиталын сөз еткенде дәрігерді, құрылысшыны, көше сыпырушыны да атап өтті. Бұл жай мысал емес. Бұл — партияның әлеуметтік философиясының қысқа формуласы.

Міне, сондықтан 14 тамыздағы қырыққабат туралы дау саяси жағынан күтпеген маңызға ие болды.

Бір адамның қол еңбегін келемеждеу әрекеті миллиондаған адамның күнделікті өміріне қатысты мәселеге айналды.

Өйткені Қазақстанда адамдардың барлығы кәсіпкер немесе жоғары жалақы алатын маман емес.

Егер экономика өсіп, бірақ қарапайым азаматтың сатып алу қабілеті төмендесе, егер ірі компаниялардың табысы көбейіп, шағын кәсіпкер қиналса, егер ұлттық байлықтың игілігі қоғамға тең жетпесе — мұндай өсімді толыққанды әлеуметтік прогресс деп атауға бола ма?

ЖСДП-ның бағдарламасы бұл сұраққа толық жауап беріп тұр.  

Партия ұлттық байлық халық игілігіне қызмет етуі тиіс деп санайды. Ал билік халық алдында есеп беруі керек.

Бұл мәселелердің барлығы бір ғана сұраққа келіп тіреледі:

мемлекет адам үшін жұмыс істей ме?

Асхат Рахымжановтың қырыққабат тұздағанытуралы сөздің қоғамда дәл осындай резонанс тудыруының себебі де сонда. Ол жерде саясаттың жасанды бейнесі емес, адамның нақты өмірі тұр.Өз еңбегімен ақша тапқан адам. Қиындыққа қарамастан өз жолынан бас тартпаған саясаткер.Оны әлсіздік ретінде көрсетуге тырысқан эпизодтың керісінше еңбекке құрметтің символына айналуы — сайлау науқанының күтпеген парадоксы. Сондықтан 14 тамыздағы тартыстың басты сұрағы «кім кімнен басым түсті?» дегеннен әлдеқайда кең.

Кім халықтың тілін шынайы сөйлейді?

Кім еңбек адамының қадірін түсінеді?

Кім ұлттық байлықтың халық игілігіне қызмет етуін талап етеді?

Кім монополия мен олигархиялық ықпалға нақты саяси тосқауыл қоюға дайын? ЖСДП осы сұрақтарға өз бағдарламасы арқылы жауап беріп отыр. Ал сайлаушы үшін соңғы таңдау — сөз бен әрекеттің арасындағы айырмашылықты бағамдау. 

Өйткені сайлау — жай ғана партияға дауыс беру емес. Сайлау — елдің болашақ саясатының бағытын таңдау.

Ал 14 тамыздағы «Сайлау Talks» тартысы сол таңдаудың көрігін шын қыздырды.

Тапсырыс беруші: ЖСДП төрағасы А. Н. Рахимжанов. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.