Мәзір
Қоғам

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 38 мың теңгеге дейін өсті

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 38 мың теңгеге дейін өсті

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 13%-ға, 38 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Осы жылдың қаңтар айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 38,2 мың теңгені құрады — бір жыл бұрынғыға қарағанда 12,7%-ға көп. 2018 жылмен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 47,4%-ға, 2013 жылмен салыстырғанда 2,2 есе өсті.

Анықтама үшін: 2021 жылы қаңтарда ең төменгі күнкөріс деңгейі жылына 12,7%-ға өскен кезде 33,9 мың теңгені құрады.

Өңірлік бөліністе ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең жоғары шамасы Маңғыстау облысында: 41,9 мың теңге — бір жыл бұрынғыға қарағанда 7,8%-ға артық. Одан кейін елорда (41,2 мың теңге) және Алматы (39,9 мың теңге) тұр. ТОП-5 құрамына Алматы (39,5 мың тг) және Ақмола (38,6 мың тг) облыстары кірген.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді.

Ер адамдардың ең төменгі күнкөріс деңгейі барлық жас санатындағы әйелдердің ең төменгі күнкөріс деңгейінен едәуір жоғары.