ҚР СІМ басшысы ресейлік әріптесімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.
ҚР СІМ-нен мәлім еткеніндей, министрлер ағымдағы жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесін және Қазақстан-Ресей қатынастарының халықаралық шарттар базасын кеңейту жолдарын талқылады.