«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау 20 маусымда басталады
Биылғы 20 маусымнан бастап қазақстандықтар «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім бере алады, деп хабарлайды
«Аталған бағдарламаға көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған және толық емес отбасы (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем болмауы тиіс) санатына жататын мемлекеттік пәтер кезегіне тұрған Отбасы банкінің салымшылары қатыса алады», — деп хабарлайды банктен.
Қаржы ұйымы таратқан ақпаратқа сәйкес, өтінім otbasybank.kz сайты арқылы қабылданады. Яғни банкке немесе әкімдікке барудың қажеті жоқ.