Қостанайда шетелдік темекілер заңсыз саудаланған

Тексеру іс-шаралары барысында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз өткізудің жолын кесті, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерімен бірлескен рейд барысында анықталған 5 384 қорап шетелдік темекі (Fast, Malboro, Oris, Oscar, Корона, Mancester) бөлшек саудада сатуға арналғаны туралы ведомстваға хабарланған.

«Заңсыз темекі өнімдері орталық базар аумағында сатылды. Осы факті бойынша ҚР ӘҚтК 283-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды, әкімшілік іс жүргізу туралы хаттама сотқа жіберілді», — деп жазды Мемлекеттік кірістер комитетінен.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасында енгізілген сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалау тауарлардың қозғалысын бақылауды автоматтандыруға, сол арқылы олардың сапасы мен қауіпсіздігін растауға, сондай-ақ сатушылар арасында шынайы бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Фото: epha.org