Мәзір
Заң мен тәртіп

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады
Ашық дереккөз

Алматының Медеу аудандық соты 2025 жылғы 17 қарашада бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың ағасы Дулат Қожамжаровтың мүлкіне бұғат салды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл құжат «Сот кабинеті» сайтында жарияланған.

Бұғаттау туралы шешім Қазақстан Халық банкінің өтініші бойынша шығарылған.

Сот қаулысына сәйкес, екі жеке тұлға мен оларға тиесілі төрт компанияның жалпы сомасы 2,63 миллиард теңге көлеміндегі барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлкі бұғатталды.

— Сот талапкердің сұраған сомасы — 2 550 635 252,63 теңге және мемлекеттік баж сомасы 76 524 956 теңге, яғни барлығы 2 627 160 208,63 теңге көлеміндегі барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікті бұғаттады. Бұғатталған мүлікке «Группа Компаний „Ойл Снаб“ ЖШС, „HILL Resources“ ЖШС, „HILL Invest“ ЖШС, „AvtoTechMas Ltd“ ЖШС, Дулат Қожамжаров пен Гүлназ Қожамжароваға тиесілі мүліктер кіреді, — делінген Медеу аудандық сотының қаулысында.

Құжатта сот 2025 жылғы 6 қарашада талап бойынша шешім шығарылғанын, бірақ сол кезде мүлік тізімі мен сомада қате кеткенін атап өткен. ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің 235-бабына сәйкес, сот бұл қатені түзеп, бұғатталған мүліктің тізімін және сомасын нақтылап шыққан.

 https://kaz.inform.kz/news/almatida-sot-kozhamzharovtar-otbasinin-mulkn-bugattadi-e56732/