Мәзір
Заң мен тәртіп

Бір айда ҰҚК 100 жемқорлық құқық бұзушылық тіркеді

Бір айда ҰҚК 100 жемқорлық құқық бұзушылық тіркеді
ҰҚК

2025 жылғы қарашадағы ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы жариялады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Биыл қарашада Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 100 құқық бұзушылық тіркелді:

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 8;

- 190-бап (алаяқтық) – 15;

- 194-бап (қорқытып алу) – 1;

- 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) – 1;

- 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) – 1;

- 249-бап (рейдерлiк) – 2;

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 11;

- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) – 4;

- 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;

- 366-бап (пара алу) – 17;

- 367-бап (пара беру) – 33;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 2;

- 369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) – 1;

- 371-бап (салғырттық) – 1;

- 416-бап (дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау) – 1;

- 425-бап (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер) – 1.

Сотқа келесі 24 қылмыстық іс жіберілді:

- 190-бап (алаяқтық) – 10;

- 218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) - 1;

- 366-бап - (пара алу) - 3;

- 367-бап (пара беру) – 8;

- 385-бап (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) – 2.

Өтелінген залал (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 409,6 млн теңгені құрады.