Мәзір
Заң мен тәртіп

Діни алауыздық тудырды: Әнші Рүстем Жүгінісов сотқа тартылып жатыр

Діни алауыздық тудырды: Әнші Рүстем Жүгінісов сотқа тартылып жатыр

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әнші Рүстем Жүгінісовке 79 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Сотта әншінің айтқан екі пікірі қаралған.

2023 жылғы 31 желтоқсанда Жүгінісов TikTok-та "Жаңа жылды тойлау керек пе?" деген сұрақ қойып, "пайғамбар да, ата-бабаларымыз да бұл мейрамды тойламағанын" айтқан.

Екіншісі – Ақтөбедегі мешіт оқиғасы. Әнші әлеуметтік желіде тараған видеоны талқылап, онда ер адам "бір реттік неке" ұсынған қызды айыптап, әйелдердің мешітке тек әкесі не бауырының еріп баруымен келуін жөн көретінін айтқан.

Сараптама мұндай пікірлер қоғамда діни алауыздық туғызуы мүмкін деген баға берген.

Осыған байланысты Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әнші Рүстем Жүгінісовті Әкімшілік кодекстің 453-бабына сәйкес кінәлі деп танып, оған 78 640 теңге айыппұл салды.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде мешітте ер адам қызға интимдік қатынас үшін бір реттік некеге тұруды ұсынғаны туралы ақпарат тараған еді. Рүстем Жүгінісов бұл дауда зардап шеккен қыздың өзін кінәлап, жұрттыі ашуын тудырған еді.