Мемлекет басшысы Давид Дегтяревті екі дүркін Паралимпиада чемпионы атануымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Давид Дегтяревті екі дүркін Паралимпиада чемпионы атануымен құттықтады.
«Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді»,-деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.