Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды

Қазақстанның дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан халықаралық Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды.
Қола үшін өткен белдесуде Жұбаназар жапондық Сотаро Фудживароны жеңді.
Айта кетейік, Қазақстан бұл турнирде алғаш рет жүлде иеленді.