Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді

«Медеу» мұз айдынында Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Туды көтеру рәсімі дәстүр бойынша әскери оркестрдің сүйемелдеуімен мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Мемлекеттік тудың көлемі 98 шаршы метр болса, биіктігі 40 метр.

Алматыда ту көтерілді
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда ту көтерілді
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда ту көтерілді
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда ту көтерілді