Зеленский: Украинаны АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздерден шеттету бәріне қауіпті

Ресей атысты тоқтату туралы келіссөздерге қатысқысы келмейді немесе «Кремльдің жеңілісі» ретінде саналатын мәмілелер жасаудан бас тартты. Себебі, Ресейдің әскерлері басымдыққа ие, деп мәлімдеді Украина президенті Владимир Зеленский Associated Press агенттігіне берген сұқбатында.
Сонымен қатар, Украина президенті Владимир Зеленский журналисттерге:
Трамп Ресейдің энергетикалық және банк секторларына санкциялар енгізу арқылы қорқытып, сондай-ақ Украина армиясына қолдау көрсетуді жалғастыру арқылы Путинді келіссөз үстеліне отыруға мәжбүрлей алар еді.
Зеленскийдің командасы Трамп әкімшілігімен байланысуда, бірақ бұл талқылаулар жалпы деңгейде өтіп жатыр, ал нақты келісімдер жасау үшін жеке кездесулер қажет.
Трамппен кездесуден кейін Ресеймен белгілі бір форматта келіссөздер жүргізуге көшу қажет болады. Келіссөз үстелінде АҚШ, Украина, Ресей және Еуропалық Одақ болуы тиіс.
Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең арзан жолы – НАТО-ға мүше болу.
АҚШ пен Еуропаның жеткілікті қару-жарақпен қамтамасыз етуі және Киевтің өз қорғаныс өнеркәсібін дамытуға қолдау көрсетуі басқа да қауіпсіздік кепілдіктерінің ұсыныстары ретінде қарастырылуы керек, – деп айтты.
Шынар АҚЖАНҚЫЗЫ