Ауыр атлет Пётр Хребтов Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Қазақстан ауыр атлетикадан Цзяншань (Қытай) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.
Қоссайыстың қорытындысы бойынша қазақстандық зілтемірші 333 (146+187) келі салмақты еңсерді.
Бірінші орынды Индонезия өкілі Абдулла Рамат Ервин 360 (155+205) келімен иеленсе, екінші орынға Қытайдан У Хайфен 334 (145+189) келімен жайғасты.
Сурет: AWF